
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Маңғыстау аудандық санитарлықэпидемиологиялық бақылау басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында басқарма мамандарына тоқсан сайын семинар сабақтары жүргізіліп тұрады, яғни кәсіпкерлік нысандарын тексеру кезінде кездесетін сыбайлас жемқорлықты болдырмау жолдары
Кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу Қазақстан Республикасының «Кәсіпкерлік кодексіне» сүйене отырып жүргізіледі. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында кәсіпкерлік субъектілеріне бақылау және қадағалау ҚР «Кәсіпкерлік кодексінің» 137 бабына сәйкес жүзеге асырылады. Шағын, орта, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жоспарлы, жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп отырады. Тексеру жүргізу алдында кәсіпкерлік субъектілеріне бір ай, бір күн бұрын алдын-ала хабарламалар беріледі. Тексерулердің барлығы құқықтық статистика және арнайы есепке алу мекемесінде тіркеледі. Тексеру жүргізу күндері аталған кодекстің 141-бабымен айқындалып берілген. Осылардың барлығы кәсіпкерлік субъектілеріне заңсыз тексерулердің жүргізілмеуін, яғни сыбайлас жемқорлықтың алдын алады. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тағы бір түрі, ол рұқсат беру құжаттарын «бір терезе» қағидаты бойынша беру. Яғни кәсіпкер рұқсат құжаттарын алу үшін өтінішті мемлекеттік қызметкермен кездеспей, «Е-лицензия» электрондық порталы арқылы береді. Рұқсат беру құжаттары ҚР ДСМ-нің 30.12.2020ж №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Аталған бұйрықта рұқсат беру құжаттарын алу үшін қандай құжаттар берілу керектігі көрсетіліп, бекітілген. Бұл кәсіпкерлік субъектілерінен артық, қажетсіз құжаттарды талап етудің алдын алады. Сонымен қатар рұқсат беру құжаттарын беру мерзімдері де осы бұйрықпен көрсетілген. Яғни санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау саласында рұқсат беру құжаттарының берілу мерзімі - 13 күн. Бұл «Е-лицензия» электрондық порталында нақтыланған. Сонымен қатар шағын кәсіп иелері өздерінің жұмыстарын бастағаны туралы басқармаға келмей-ақ «Е-лицензия» электрондық порталы арқылы хабарлама беріп отырады. Кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту бойынша: - Шешімдер қабылдау рәсімдерінің есептілігін, бақылауда болуын және ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілеу; - Адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау; - Мүдделер қақтығыстарын болғызбау; - Іскерлік әдеп нормаларын қабылдау және сақтау; - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып тастыру жөніндегі шараларды қабылдау; - Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы шаралар қабылдайды. Қазіргі таңда басқарма тарапынан сыбайлас жем қорлықтың алдын алу шаралары бойынша басқарма ның дәлізінде «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ» атты стенд жасақталып, түрлі ақпараттық бетшелер ілініп тұр.
Г.КҮЙКІШОВА, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.