Лого

Меню

Страницы

Статья

Ақтаулық тұрғындар ХҚКО арқылы дайын құжаттарды үйге жеткізуге тапсырыс бере алады

Ақтаулық тұрғындар ХҚКО арқылы дайын құжаттарды үйге жеткізуге тапсырыс бере алады

   Бүгінде  Ақтау қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі жұмыс істейді. Жыл басынан бері бұл қызметті 150-ге жуық тұрғын пайдаланған.

 

    Дайын құжаттарды жеткізу қызметі азаматтардың уақытын үнемдеуге көмектеседі. Бұл қызмет түрі барлық Қазақстан өңірлерінде қолжетімді. 

 

   Құжат дайын болған жағдайда, қызмет алушыға 1414 нөмірінен дайын құжаттарды жеткізуді ұйымдастыру ұсынысы және нысанды толтыру сілтемесі бар  SMS хабарлама жіберіледі. Қызмет алушы жеткізу мекенжайы мен байланысу нөмірін көрсетіп, жеткізу ақысын төлеуі қажет. Қызмет құны межелі жерге дейінгі қашықтыққа және қозғалыс жағдайларына қарай анықталады. Ал  жеткізу уақыты мекен-жайына байланысты өзгереді.

 

  Көрсетілетін қызметтерге жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды), жер учаскелеріне арналған құжаттарды мемлекеттік тіркеу, білім туралы құжаттарға апостиль қою мұрағаттық анықтамалар, әскери билеттердің телнұсқалары және басқа да жүзден астам қызметтер жатады.

 

    Алайда,  жеке куәлік, төлқұжат және жүргізуші  куәлігі жеткізу қызметіне кірмейді.

Дата публикации
24 августа 2024
Дата обновления
22 августа 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

23 октября 2026
Мақалалар
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Мақалалар
23 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

facebook.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы