Лого

Меню

Страницы

Статья

Жыл басынан бері Ақтауда 4 мыңнан астам кадастрлық паспорт берілді

Жыл басынан бері Ақтауда  4 мыңнан астам кадастрлық паспорт берілді

     Ақтау тұрғындары жыл басынан бері 4327 кадастрлық паспортқа тапсырыс берді Айта кетсек, бұл жер учаскелерінің, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық және сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат.

 

  Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың шілде айынан бастап пәтерлерге, жеке меншік үйлерге, көлікжайларға техникалық паспорт орнына және қалада орналасқан жер учаскілеріне мемлекеттік акт орнына  кадастрлық паспорт берілуде.

 

  Кадастрлық паспорттар көбіне жаңа нысандарға рәсімделуде. Екінші нарықтағы үйлер үшін кадастрлық паспорт мүлік иесінің қалауымен немесе үйдің сипаттамасы өзгерген жағдайда жасалады.

 

  Қызметке өтінішті ХҚКО арқылы немесе электронды үкімет порталының көмегімен беруге болады. ХҚКО арқылы өтініш берген кезде келесі құжаттар қажет:

  • Жылжымайтын мүлік иесінің жеке куәлігі немесе сенімхаты;
  • Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжат (сатып алу-сату, сыйға тарту шарты және т.б.);
  • Кадастрлық паспортты дайындағаны үшін төлемді растау.

  Өтініш беріп, аванстық төлем жасалғаннан кейін өлшеу үшін және техникалық тексеру  жүргізу үшін маман келеді. Осыдан кейін төлемнің екінші бөлігін енгізу қажет – бұл тұрғын үйдің ауданы мен сипаттамаларына байланысты.

  Кадастрлық паспорт жылжымайтын мүлік объектісінің  түріне байланысты 3-тен 10 жұмыс күніне дейін жасалады. Құжат қағаз түрінде және электрондық форматта беріледі.

Дата публикации
29 августа 2024
Дата обновления
28 августа 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

23 октября 2026
Мақалалар
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Мақалалар
23 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

facebook.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы