Лого

Меню

Страницы

Статья

Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидалары

Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2020 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру және оны жою тәртібін айқындайды.

      Көші-қон саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) адам саудасының құрбаны – жасалған іс-әрекеттер бойынша қылмыстық іс қозғау фактісінің болуына қарамастан, адам саудасына байланысты құқық бұзушылықтан тікелей зардап шекті деп пайымдауға негіз бар жеке тұлға;

      2) адам саудасының құрбанын бірдейлендіру – адамды адам саудасына, оның ішінде кәмелетке толмағандарға, оларды пайдаланудың өзге де түрлеріне байланысты іс-әрекеттер салдарынан әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгез қарым-қатынастан зардап шеккендерге жатқызу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 630, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 399 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 240 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10013 болып тіркелген) (бұдан әрі – Өлшемдер) әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгез қарым-қатынастың болуын бағалау өлшемшарттарына сәйкес адамдарды ұрлау;

      3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға "бір терезе" қағидаты бойынша беру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      4) азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзге мемлекеттiң азаматтығына тиесілігінің дәлелдемелерi жоқ адам;

      5) арыз иесі – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданым берген адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);

      6) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - АХҚО) – қаржы саласында ерекше құқықтық режим қолданылатын, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын нақты белгіленген шекаралары бар Астана қаласының шегіндегі аумақ;

      7) АХҚО инвестициялық резиденті – АХҚО инвестициялық салық резиденттігінің бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген шарттарға сәйкес келетін инвестицияларды жүзеге асырған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      8) әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;

      9) әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;

      10) әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет;

      11) бизнес-көшіп келуші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келуші;

      12) "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) – Қазақстан Республикасына көшіп келушілердің кіруін - шығуын бақылайтын бірыңғай ақпараттық жүйе;

      13) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұдан бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;

      14) жақын туыстары – ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек ағалы-iнiлер мен апалы-сiңлiлер, атасы, әжесi, немерелерi;

      15) жеке кабинет – "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;

      16) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) – жеке тұлғаға бір рет және өмір бойы берілетін он екі таңбалы цифрлық код;

      17) жол жүру құжаты – шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасы аумағынан тыс шығу үшін берілетін құжат;

      18) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі - виза) – осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы жүріп-тұруға, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді;

      19) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;

      20) көшіп келу – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;

      21) көшіп келуші – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      22) Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - КҚП АЖ) – Ішкі істер министрлігінің ішкі және сыртқы көші-қон процестері дерекқорын қалыптастыру бойынша, сондай-ақ "электронды үкімет" шеңберінде құрылып жатқан басқа ақпараттық жүйелермен және деректер базаларымен интеграциялық қарым-қатынас процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйесі;

      23) қабылдаушы тұлға – көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы өтінішхат беретін және (немесе) олардың тұруына мекенжайдың тіркеу коды бар (бұдан әрі – МТК) орын беретін Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік және азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға;

      24) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және осы Заңмен белгіленген тәртіпте тиісті мәртебесін алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;

      25) құжаттың электрондық көшірмесі – түпнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;

      26) қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚО БАЖ) – Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;

      27) мекенжайдың тіркеу коды – "Мекенжай тіркелімі" АЖ құратын жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды.";

      28) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер атынан Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;

      29) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама (бұдан әрі – біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама) –"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңында айқындалған Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптары мен білім деңгейіне сәйкес келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға берілетін құжат;

      30) пана іздеген адам - уәкілетті орган босқын мәртебесін беру туралы өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға тілек білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      31) тұрақты тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;

      32) уақытша тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және болу мақсатына қарай оларға Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге тұру құқығын беретін құжат;

      33) цифрлық құжаттар сервисі - операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын көрсетілген мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда қызметтер алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі;

      34) шетелдік – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын өзге мемлекеттің азаматтығына тиесілігінің дәлелдемелері бар адам;

      35) шет елдердегi мекемелер – Қазақстан Республикасының шет елдегі дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдiктерi, сондай-ақ консулдық мекемелерi;

      36) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      37) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігі мен мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жинағы;

      38) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру қағидалары

      Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 15.06.2021 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      3. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру қағидалары "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – УТР мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Заңның 6-1-бабында көрсетілген қабылдаушы тұлғалар қызмет алушылар болып табылады.

      Визасыз кіру және болу тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттары бар мемлекеттерден келген АХҚО инвестициялық резиденттері мен олардың отбасы мүшелері бойынша қызметті алушы "АХҚО әкімшілігі" болып табылады.

      Адам саудасының құрбандарына қатысты қабылдаушы тарап жергілікті атқарушы органдар болып табылады. УТР иммигрантқа арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну үшін ресімделеді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі және онда болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 6-тармағының 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 абзацтарында көрсетілген көшіп-келушілерге көші-қон қызметтерінің аумақтық бөліністері Қаулыда көрсетілген мерзімге шығуға хабарлама ресімдейді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. УТР мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушылар елде болу мақсатына қарай осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – УТР мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талап) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы УТР беру туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауалнамамен тіркеу орны бойынша аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі – қызмет берушіге) не Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде уақытша тұру үшін пайдаланылатын шетелдіктің тұрғын үй иесінің не өкілеттіктерде көзделген іс-қимылдарды жүзеге асыруға нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірілген адамның жеке қатысуы қажет.

      Қажетті мәліметтерді қамтитын және ХҚКО БАЖ-бен және (немесе) порталмен біріктірілген ақпараттық жүйелер болған кезде ақпараттық жүйелердің мәліметтері пайдаланылады. Бұл ретте тиісті мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері құжаттар келіп түскен күні ұсынылған құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы УТР мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 8-тармақта көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, қызмет берушінің уәкілетті қызметкері осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша тұруға рұқсат беруге құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (бұдан әрі – Құжаттарды қабылдау туралы қолхат) береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы УТР мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 8-тармақта көзделген құжаттардың пакетін толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, қызмет берушінің уәкілетті қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша тұруға рұқсат беруге құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат (бұдан әрі – Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат) береді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Құжаттарды қабылдау күні УТР мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы УТР мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 8-тармақта көзделген құжаттардың пакетін толық емес ұсынған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ХҚҚО БАЖ-да электрондық өтінімді ресімдейді, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден сұратады (ХҚКО БАЖ-да біріктіру болған жағдайда) немесе құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса береді және тиісті шешім қабылдау үшін КҚП АЖ-ға жолдайды.

      Электрондық түрдегі өтінім орындау үшін қызмет берушіге КҚП АЖ-ға түседі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мемлекеттік қызметті порталда алу үшін қызмет алушыда (қабылдаушы тұлғаларда) ЭЦҚ болуы талап етіледі.

      Қызмет алушы:

      1) порталда авторланады, "Азаматтық, көші-қон және көшіп келу - Шетелдіктерге: Қазақстан Республикасына кіру және азаматтық" бөлімінде "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін таңдайды және "Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басады;

      2) өтінімді шетелдіктің құжаттарына сәйкес ресімдейді, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден сұратады (порталда біріктіру болған жағдайда) не УТР мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 8-тармақтарында көрсетілген тізбеге сәйкес сканерленген құжаттардың көшірмелерін қоса береді, өтінімге ЭЦҚ-мен қол қояды және өтінімді орындауға жолдайды.

      Өтініш портал арқылы берілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Электрондық түрдегі өтінім көрсетілетін қызметті берушіге орындауға КҚП АЖ-ға түседі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. УТР беру туралы өтініш-сауалнаманы қарау мерзімі бір жұмыс күнін құрайды.

      9-1. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері құжаттарды, оның ішінде Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы келіп түскен өтінімдерді қабылдағаннан кейін:

      1) ұсынылған құжаттарды қабылдайды және толықтығын тексереді;

      2) "Бүркіт" БАЖ мәліметтері бойынша шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі туралы ақпаратты тексереді;

      3) ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректер қоры бойынша соттылығы және іздестірілуі, алдыңғы болу кезеңінде оған салынған қылмыстық немесе әкімшілік бұзушылық жасағаны үшін орындалмаған міндеттемелердің болуы туралы мәліметтерді тексереді;

      4) ақпараттық жүйеде шетелдіктің және оның бірге келген отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірлерінің бар-жоғын тексереді.

      5) тұрғын үйдің көрсетілетін қызметті алушыға немесе сенімгерге тиесілілігін ақпараттық жүйелер бойынша тексеру.

      6) Заңның 43-2-бабының 5-тармағы негізінде үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі еңбек шарттары негізінде жұмыс берушіге берілген қолданыстағы УТР санын тексеру.

      Өтінімнің дұрыстығы және УТР мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 9-тармақта көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері КҚП АЖ-да осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес УТР қалыптастырады, басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      Егер УТР беруге өтінім Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен жағдайда, уәкілетті қызметкер КҚП АЖ-да УТР қалыптастырады және біріктіру арқылы ХҚКО БАЖ-ға жолдайды. Мемлекеттік корпорация операторы УТР басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілін көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Егер УТР беруге өтінім портал арқылы келіп түскен жағдайда, уәкілетті қызметкер КҚП АЖ-да УТР қалыптастырады және біріктіру арқылы көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жолдайды.

      Келіп түскен электрондық өтінім көрсетілетін қызметті алушының айқындамалық деректеріне сәйкес келмеген не егер өтінімге құжаттардың сапасыз электрондық көшірмелері берілген жағдайларда уәкілетті қызметкер қате туралы тиісті хабарлама қалыптастырады, ол Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жолданады.

      Ескерту. 9-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-2. Абайсызда бүлінген немесе рұқсат жоғалған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері аумақтық полиция органы басшылығының атына еркін нысанда ресімделген өтініш негізінде тиісті тексеруден кейін КҚП АЖ-да УТР-дың телнұсқасын береді.

      9-3. Көрсетілетін қызметті беруші УТР мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 9-тармақтарында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады, осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға УТР беруден бас тарту туралы хабарлама береді.

      Ескерту. 9-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-4. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      9-5. Ақпараттық жүйелердің техникалық жаңылысуы болған жағдайда, байланыс арнасы болмаған немесе хабарламаларды жөнелтуге кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар туындаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесі техникалық жаңылысудың туындауын анықтаған сәттен бастап көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін шаралар қабылдайды (жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін). Хабарлама жөнелтудің бір сағаттан астам кідіруіне әкелетін апаттық оқиғалардың әрбір жағдайын көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесінің жауапты орындаушысы арнайы журналға тіркейді.

3-тарау. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру қағидалары

      10. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру қағидалары "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметі көрсету (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      11. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға визамен уақытша келетін не Қазақстан Республикасымен келу және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасаған мемлекеттерден келген не Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар шетелдіктер не азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ этникалық қазақтарға берілген визаның санатына қарамастан, мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру туралы өтінішхатпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге негізгі талаптар (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) тізбесіне сәйкес құжаттар пакетін қоса аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) не "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік копорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүгінеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылдау туралы не толық құжаттар пакетін ұсынбаған, сондай-ақ жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттардың қабылдаудан бас тарту туралы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша талон беріледі.

      13. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы Мемлекеттік қызмет көсретуге қойылатын талаптарда көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар пакетін, сондай-ақ жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде:

      "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер базасына" (бұдан әрі – ЖТ МДБ) Халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ХҚКО АЖ) көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) бар-жоғына сұрау салу қалыптастырылады;

      ЖСН болған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін барлық қажетті құжаттардың электрондық көшірмелерін бекіте отырып, ХҚҚО АЖ өтінім қалыптастырады.

      ХҚКО АЖ-дан КҚП АЖ-ға өтінім келіп түскеннен кейін не көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

      көрсетілетін қызметті беруші:

      1) күнтізбелік 2 күн ішінде:

      мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті барлық құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті КҚП АЖ-ға енгізеді (мәліметтер болмаған кезде);

      тұрақты сақтау мерзімімен әрбір кәмелетке толмаған адамға жеке есепке алу ісіне қабылданған материалдарды қалыптастырады, олар осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды істерді есепке алу журналында тіркеледі. Журнал бойынша реттік нөмірі біруақытта істің реттік нөмірі болып табылады;

      2) күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде:

      КҚП АЖ арналары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері Көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі - ПД КҚҚБ) келісуге есепке алу ісі жолданады;

      3) күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде:

      банктік мекемеге төлемқабілеттігін растау туралы құжаттардың тұпнұсқалығы мәніне сұрау салуды жолдайды;

      ішкі істер органдарының есептері бойынша тексеруді жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тексеруді жүзеге асырады;

      "Бүркіт" БАЖ арналары арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісуге материалдарды жолдайды.

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары материалдарды келісуді күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн ішінде жүзеге асырады;

      4) күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тексеріс нәтижелері бойынша мүдделі органдардан жауап алғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беру не осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты беруден бас тарту туралы қорытынды шығарады, қабылданған шешім туралы ақпаратты КҚП АЖ-ға енгізеді;

      5) күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру не рұқсатты беруден бас тарту туралы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша хабарлама көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жолданады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін мемлекеттік қызметі көрсету мерзімінің өтуіне дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсатты беру не беруден бас тарту туралы, сондай-ақ оның күшін жою туралы қорытындыны Полиция департаментінің бастығы немесе оның орынбасары, қалалық (аудандық) ішкі істер органдарының бастығы не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы бекітеді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      16-1. Көрсетілетін қызметті алушы осы қағидалдарда көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш беруден бас тартады. ерікті нысан түрінде құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. Қағида 16-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2022 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында және Заңныңы 49-бабында көзделген.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішті қабылдаған Қазақстан Республикасының ішкі істер органы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде әкімшілік акті қабылданғанға дейін алдын ала, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге ұстанымын білдіру үшін тыңдау жүргізілетіні туралы хабарлама жолдайды. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша өтінішхатты (өтінішті) одан әрі қарау туралы шешім қабылданады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер болған кезде өтініш берушіге бас тарту себебін көрсете отырып, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлама жолданады. Хабарламаның екінші данасы өтініш берушінің жеке ісіне тігіледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2022 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17-1. Тұрғылықты жерін өзгерткен кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам есепте тұрған ішкі істер органынан оның ісі сұратылады. Бұл ретте шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысмен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларына сәйкес жүгінген күні жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 06.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Көрсетілетін қызметті алушы рұқсаттың күшін жою үшін негіз болып табылатын іс-әрекеттерді жасаған кезде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 49-бабына сәйкес бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы қорытынды шығарылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2022 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты тұруға рұқсаттың күшін жою туралы хабарлама жіберіледі. Қабылданған шешім туралы ақпарат КҚП АЖ-да адамның есепке алу ісіне енгізіледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2022 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімде елімізден шығып кетуге міндетті.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 01.09.2020 № 606 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Рұқсаттың күшін жойған кезде, көрсетілетін қызмет алушыға елімізден шығып кетуді жүзеге асыру үшін қажетті мерзімде уақытша тұруға рұқсат беріледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 01.09.2020 № 606 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Көшіп келуші Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беруден бас тарту немесе оның күшін жою туралы дәлелді қорытындыны шығарғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш бір жылдан ерте емес бере алады.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      23. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызмет беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандырса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2022 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2022 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      26. Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2022 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Егер заңмен өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну сот тәртібінде шағымданғаннан кейін рұқсат етіледі.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2022 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012880 

Дата публикации
20 апреля 2023
Дата обновления
20 апреля 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Мақалалар
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Мақалалар
23 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

facebook.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы