Талдамалық анықтама 3-ші тоқсан бойынша

Талдамалық анықтама 3-ші тоқсан бойынша

 

Маңғыстау ауданы әкімдігі, ҚР ЦДИАӨ министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39н/қ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, қызметтерді көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Маңғыстау  ауданы әкімдігінің бөлімдерімен, 12 ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараттарымен 58 қызмет түрі және 61 кіші қызмет түрлері көрсетіледі.

2025 жылдың 2-ші тоқсанында Маңғыстау ауданы әкімдігімен 43 қызмет түріне өтініштер түсіп, барлығы 1098 қызмет көрсетілді

          - мемлекеттік органмен,  қағаз түрінде  – 4 қызмет түрі, қызмет саны - 66;

          - мемлекеттік корпорация арқылы – 12 қызмет түрі, қызмет саны - 395;

          - электрондық түрде – 28 қызмет түрі, қызмет саны – 626 .

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны –  229.

 

Бас тартулардың себептері:

№

Қызметтің атауы

Бастарту саны

Себептері

қағаз

эл.

1

(120) Еңбекші көшіп-қонушыларға рұқсатты беру

-

105

- құжаттарын толық тапсырмауы

2

(1148) Жер учаскелерін қалыптастыруға арналған жерге орналастыру жобаларын бекіту 

-

1

- Құжаттар топтамасы толық болмауы,

 

3

(157) Еңбек иммигранттарына рұқсат беру

-

76

-Өтінім қате жолданған

-Құжаттар топтамасының толық болмауы,

4

(121) Еңбек иммигранттарына берілген рұқсаттардың мерізімін ұзарту

 

-

42

-Құжаттар топтамасының толық болмауы

-Өтініштің қате толтырылуы

5

(225) Машиналарды  тіркеу

-

3

-Жергілікті атқарушы органды қате жолдауы

6

(412) Жергілікті органдардың шешімі бойынша мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау

-

1

-Кедекшілік шегінен табысының асып кетуі

 

7

(1278) Архитектуралық-жоспарлау тапсырмасын инженерлік-коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға техникалық штаттарды бекіту

-

1

-Құжаттар топтамасы толық болмауы.

 

 

Ішкі бақылау бойынша:

  1. Маңғыстау ауданы әкімінің 10.12.2024ж. №73-нқ өкімімен бекітілген жоспарға сәйкес, 2025 жылдың Шілде айында Мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінде ішкі бақылау шаралары жүргізілді, тәртіп бұзушылықтар анықталған жоқ.
  2. Маңғыстау ауданы әкімінің 10.12.2024ж. №73-нқ өкімімен бекітілген жоспарға сәйкес, 2025 жылдың Қыркүйек айында Тұщықұдық ауылдық округі әкімдігінде ішкі бақылаулар жүргізіліп 2 бұзушылық анықталған, ұсыныстар бекітілді.

Ішкі бақылау жұмыстарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы - Жалғас Темиров  қатысты.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша

Қызмет алушыларға электрондық қызметтерді алуды жеңілдету үшін ЖАО тарапынан 71 өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан барлығы 150  қызмет алды. 

Мерзім бұзушылық деректері – 4 (Маңғыстау аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Маңғыстау аудандық ТҮКШ, ЖК және Ақтөбе ауылдық округінің әкімі)  Қызмет алушылар тарапынан шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәлімет gov.egov.kz  сайтында «Мемлекеттік қызметтер» тарауында көрсетілген.

Қоғамдық мониторинг бойынша:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қоғамдық мониторинг жүргізуге «Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» 30.07.2025 - 06.08.2025 - 14.08.2025 – 21.08.2025 жылдары аралығында мемлекеттік сатып алу парталында сомасы 500 000 теңге көлемінде конкурс жарияланды.  Өтінім берушілердің болмауына байланысты конкурс жеңімпазы анықталмады.

Дата публикации
14 апреля 2026