Талдамалық анықтама 2-ші тоқсан бойынша

Талдамалық анықтама 2-ші тоқсан бойынша

 

Маңғыстау ауданы әкімдігі, ҚР ЦДИАӨ министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39н/қ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, қызметтерді көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Маңғыстау  ауданы әкімдігінің бөлімдерімен, 12 ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараттарымен 58 қызмет түрі және 61 кіші қызмет түрлері көрсетіледі.

2025 жылдың 2-ші тоқсанында Маңғыстау ауданы әкімдігімен 34 қызмет түріне өтініштер түсіп, барлығы 1 664 қызмет көрсетілді.

          - мемлекеттік органмен,  қағаз түрінде  – 4 қызмет түрі, қызмет саны - 84;

          - мемлекеттік корпорация арқылы – 5 қызмет түрі, қызмет саны - 530;

          - электрондық түрде – 27 қызмет түрі, қызмет саны – 1 050 .

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны –  269.

 

Бас тартулардың себептері:

№

Қызметтің атауы

Бастарту саны

Себептері

қағаз

эл.

1

(120) Еңбекші көшіп-қонушыларға рұқсатты беру

-

134

- құжаттарын толық тапсырмауы

2

(390) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау

 

-

77

- комиссия шешімімен (мүліктік жағдайының жақсы болуы)

- табысы белгіленген мөлшерден асып кетуі;

- өз еркімен кері қайтарып алған,

- жалған ақпарат (отбасына қатысты).

3

(424) Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды

жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу

 

-

1

-Өтінім қате жолданған

4

(1151) Кент, ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру

 

-

14

-Құжаттар топтамасының толық болмауы,

-Жердің ауданы көрсетілмеуі,

-Бас жоспарда көрсетілмеуі

5

(226) Машиналарды қайта тіркеу

-

1

-Құжаттарының толық болмауы

6

(416) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы беру

-

7

- Құжаттар топтамасы толық болмауы,

-Басқа аудандардың қызмет алушылары өтініш жолдайды

7

(417) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру

-

28

-Құжаттар топтамасы толық болмауы,

-Басқа аудандардың қызмет алушылары өтініш жолдайды

8

(1275) Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну Е-лицензиялау

-

2

Мекен жайына байланысты қате жолданған өтініштер

9

(1147) Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру Е-лицензиялау

-

2

ҚР – ның Жер кодексінің 71-бабының 5-тармағына сәйкес

10

(1152) Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу Е-лицензиялау

-

1

ҚР АШМ 2020 жылғы 1 қазандағы № 301бұйрығының 10-қосымшасының 1 – қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесінің толық болмауы

11

(1276) Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды ұсыну Е-лицензиялау

-

1

Мекен жайына байланысты қате жолданған өтініш

12

(1285) Эскизді (эскиздік жобаны) келісу Е-лицензиялау

-

1

Мекен жайына байланысты қате жолданған өтініш

 

Ішкі бақылау бойынша:

  1. Маңғыстау ауданы әкімінің 10.12.2024ж. №73-нқ өкімімен бекітілген жоспарға сәйкес, 2025 жылдың сәуір айында «Маңғыстау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ – не ішкі бақылау шаралары жүргізіліп, 4 бұзушылық анықталды, 6 ұсыныс берілді.

Бас тарту туралы алдын ала хабарлама жіберу арқылы  (4 дерек).

  1. Маңғыстау ауданы әкімінің 10.12.2024ж. №73-нқ өкімімен бекітілген жоспарға сәйкес, 2025 жылдың маусым айында «Шебір ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – не ішкі бақылау шаралары жүргізілді, бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

 

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша

Қызмет алушыларға электрондық қызметтерді алуды жеңілдету үшін ЖАО тарапынан 71 өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан барлығы 101 қызмет алды. 

Мерзім бұзушылық деректері – 44 («Маңғыстау аудану әкімінің аппараты» ММ, Маңғыстау аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Маңғыстау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламал бөлімі, Маңғыстау аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімдерінде облыс бойынша ақпарттық жүйелерде ақау болған кезеңдерде орын алған)  Қызмет алушылар тарапынан шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәлімет gov.egov.kz  сайтында «Мемлекеттік қызметтер» тарауында көрсетілген.

А.ж. сәуір және мамыр айларында 3 маман қайта даярлау курстарынан өтті. 

Қоғамдық мониторинг бойынша:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қоғамдық мониторинг жүргізуге «Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» ММ-і тарапынан аудандық мәслихаттың кезекті отырысында 1 500 000 теңге қаржы қарау сұралатын болады. Қазіргі таңда қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша атқарылуы қажет қызметтің техникалық сипаттамасы дайындалып облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментіне және облыстық цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөліміне жолданды. Алдағы уақытта қаржы қаралған жағдайда мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс жарияланатын болады.

Түсіндірме жұмыстары бойынша:

2 ші тоқсанда түсіндіру жұмыстары жүргізілген жоқ.

Дата публикации
14 апреля 2026