2025 жылғы 2 қарашаға тағайындалған Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

Маңғыстау аудандық

сайлау комиссиясының 24.09.2025 жылғы

№13 қаулысына қосымша

 

 2025 жылғы   2 қарашаға тағайындалған Маңғыстау облысы  Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің сайлауын  әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

 

1. Маңғыстау облысы  Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

2025 жылғы 24 қыркүйек

 (113-1-б. )

 

2. Сайлау округінің  тізімін, шекараларын және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 4 қазаннан кешіктірмей

(22-б.)

 

3. Бұқаралық ақпарат құралдарында Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының құрамын жариялау

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 4 қазаннан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2025 жылғы 9 қазаннан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскесінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

 

Маңғыстау ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 9 қазаннан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 

6. Кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеріс болмаса, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін жиырма бес күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00 аяқталады.

2025 жылғы 25 қыркүйек - 7 қазан жергілікті уақытпен 18:00 аралығында

(113-3-б. 5-т.)

 

7. Әкім болуға кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

 (4-б.2т, 113-5-б. 11-т. )

 

8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Әкім болуға кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) ., 31-б.)

 

9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкім болуға кандидаттарға қолдауға қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімде

(113-4-б.)

 

10. Әкім болуға кандидаттарды қолдау үшін  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы рәсімдеу

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясыпаспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т.)

 

11. Әкім болуға кандидаттардың жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкім болуға кандидатттар,

саяси партиялар

Кандидатты тіркеуге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (2025 жылғы 1 қыркүйектегі) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат және оныңжұбайы (зайыбы)

Кандидатты тіркеуге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің растығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап 5 күн ішінде

 (113-5-б. 3-т.)

 

14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен 20 күн бұрын  жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2025 жылғы 12 қазанда жергілікті уақытпен 18:00-де аяқталады

(113-5-б.)

 

15. Кандидаттардың тіркелгені туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

 (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылғы 12 қазанда 18:00 де басталады 2025 жылғы 1 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де аяқталады

                                                                              (27-б. 2-т.)

 

18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін              үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

19. Сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Маңғыстау ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2025 жылғы 12 қазаннан кешіктірмей

 (24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2025 жылғы 18 қазаннан бастап

(26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты  мен орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 22 қазаннан кешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күн бұрын

2025 жылғы 30-31 қазан күндері

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

 2025 жылғы 2 қарашада жергілікті уақыт бойынша   

 сағат 06:00

(40-б. 1-т.)

 

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

2025 жылғы 2 қарашада жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

25. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және тиісті әкімді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

2025 жылғы 2 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

(43-б. 8-т.)

 

27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиісті аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

 

28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 5 қарашадан кешіктірмей

(113-10-б.)

 

29. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 8 қарашадан кешіктірмей

(44-б.)

 

 

30. Сайланған әкімді тіркеу және  тиісті куәлік тапсыру

 

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн ішінде

 

Сайланған әкімнен жеті күн мерзімде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға әкім мәртебесімен сәйкес келмейтін міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2025 жылғы 9 қарашаға дейін

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б.)

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
24 сентября 2025