24.09.2025 жыл
№13
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14, 113-1 баптарына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 2 қарашаға тағайындалсын.
- 2025 жылғы 2 қарашаға тағайындалған Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Л. Жонасов
Хатшы А. Ордабаев