Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылдық округі әкімін сайлау кезінде аумақтық сайлау округін құру туралы

 24.09.2025 жыл

№12

 

 Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылдық округі әкімін сайлау кезінде аумақтық сайлау округін құру туралы

 

        «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының  4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылдық округі әкімін сайлау кезінде Тұщықұдық ауылдық округі аумағында аумақтық сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері, құрамы көрсетіле отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
  3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                                          Л. Жонасов

 Хатшы                                                                                        А. Ордабаев

Дата публикации
24 сентября 2025