Меритократия – мемлекеттік қызметтің басты принципі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы меритократия қағидатын дамытуды көздейді.
Аталған бағдарлама, мемлекеттік қызметке іріктеу және еңбек сіңірген, құзыреті және кәсіби дағдылары бойынша қызмет бабында ілгерілетуді көздейді.
Бұл, нағыз лайықты адамдарды анықтау әдістерін жетілдіру-адам ресурстарымен жұмыс істеу тәсілдерін жан-жақты қайта қарауды талап ететін мәселе.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Кадрлық ілгерілеу мониторингін тұрақты түрде жүргізіп отырады.
Мәселен, статистикалық деректерге сәйкес 2025 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша бос орындарға жарияланған ішкі конкурстар нәтижесінде 42 мемлекеттік қызметші тағайындалған, олардың ішінде 35 бұрын төменгі лауазымдарды атқарды. Демек, Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарында меритократия үлесі айтарлықтай жоғары.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 29-бабының 1-4-тармақтарына сәйкес жергілікті атқарушы орган және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өткізетін ішкі конкурсқа осы облыстың жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын барлық жергілікті атқарушы органдардың және (немесе) атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы, Республикалық маңызы бар қалалар, Астана.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер меритократия қағидаттарын одан әрі жан-жақты іске асыруды көздейді.
Бүгінде мансаптық ілгерілеу заңнамадағы жаңа түзетулердің, олардың жұмысын бағалау қорытындысы бойынша тиімді мемлекеттік қызметшілер лауазымын жоғарылатудың арқасында мүмкін болды.
Егер бұрын тоқсан сайынғы бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау, мемлекеттік лауазымын төмендету не жұмыстан шығару бойынша негіз болса, сонымен қатар, бағалаудың оң қорытындысы мемлекеттік орган ішінде неғұрлым жоғары лауазымға көтерілу үшін негіз болды.
Мысалы, нәтижелі қызмет атқарғаны үшін Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Комеков Динмухаммед Абайулы бағалау қорытындысы бойынша жоғары тұрған лауазымға тағайындалды.
Сондай-ақ, Данияр Исмагулович Назарханов Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Бұл мемлекеттік қызметте басқаруға лайықты, біліктілігі жоғары, кәсіби мамандардың келуін көздейтін меритократия қағидатын жетілдірудің ерекше маңыздылығын атап өткен жөн. Аталған бағыт бойынша Агенттіктің аумақтық Департаментімен жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Маңғыстау облысы бойынша
департаментінің басшысы
Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы