Маңғыстау ауданы әкімінің аппарат басшысы E-2, 1 бірлік
E-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
Мамандығы (классификаторға сәйкес):
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
бизнес, басқару және құқық (менеджмент, құқық, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару, экономика);
жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (экология және табиғатты пайдалану);
педагогикалық ғылымдар (информатика, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті);
ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (әскери іс, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік);
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-3, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
Орташа лауазымдық айлықақы:
410720-471788.
Функционалды міндеттер:
Аудан әкімінің аппараты туралы Ережесін, құрылымы мен штаттық құрамы бойынша ұсыныстар енгізеді; ауданы әкімдігінің қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді, бөлімдермен өзге құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, өзге мемлекеттік органдармен өзара іс – қимылды қамтамасыз етеді; мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті, хаттамалық тапсырмалардың орындалысына бақылауды ұйымдастырып, қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерден басқа) қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. Аудан әкімдігі мен аудан әкімінің актілерінің орындалуы мен қадағалануына, оның тапсырмаларының орындалуына бақылау жұмысын үйлестіреді; Аудан әкіміне қол қою және қарау үшін әкімдіктің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің жобаларын және аудан әкімдігіне жолданған басқа да материалдарды ұсынады; бұйрықтар шығарады; ішкі еңбек тәртібін белгілейді;қызметтік құжаттамаға қол қояды; заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес қызметкерлерді көтермелеу оларға тәртіптік жазалау шараларын қолдану (алып тастау) туралы ұсыныстар енгізеді; қызметкерлерді іссапарларға, тағылымдамаға, оқуға жібереді; ауданның өкілді органы – Маңғыстау ауданының мәслихатымен, аудандық бөлімшелерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен тұрақты негізде байланысты қамтамасыз етеді; ауданның кадр саясатын жүзеге асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қодлануға дербес жауапкершілікте болады; аудан әкімі аппаратының қызметінің сапалы ұйымдастырылуына, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыз, шағымдарының қаралу тәртібінің сақталуына, мәжілістер хаттамалық тапсырмаларының орындалысын қамтамасыз етуге және аппараттың бухгалтерлік есептеріне жауапты. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарына үйлестіру. Аудан бойынша сайлау науқандарын ұйымдастыру, өндірістік мекемелермен өзара байланыс орнатып сайлау кезінде вахталық ауысыммен жұмыста болатын азаматтармен тізімдерін нақтылап қалыптастыру.
Аудандағы ішкі саяси ахуалды бақылау, оның ішінде қиыршық тас карьерлерінің нақты атқарған жұмыстарын әлеуметтік желігі жариялануына бақылау жүргізу. Аудан бойынша қоршаған ортаны қорғауға қатысты мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын үйлестіру, елді мекендердегі экологиялық жағдайды мониторинг жасау және табиғатты қорғау іс-шараларын ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейінгі жұмыс күннен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Ескертпе:
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.