Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы 2025 жылғы «23» маусымдағы шешімінің негізінде, Маңғыстау ауданы, Онды ауылдық округінің әкімі болып сайланған Жәнібекұлы Қуанышты тіркеді.
Жәнібекұлы Қуаныш, 1995 жылы туған, «Онды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, ауыл әкімі, Онды ауылының тұрғыны.