Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы 

         2025 жылдың 22 маусымында Маңғыстау ауданының Онды ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының       14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Маңғыстау ауданы, Онды ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Онды ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 710 сайлаушы енгізілді, олардың 392-і дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны – 50, «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны- 28.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ануарбеков Онгарбек Сисенулы - 52, Жәнібекұлы Қуаныш - 246, Мурынова Камшат Тагангелдиевна - 66.

Онды ауылдық округінің әкімі болып Жәнібекұлы Қуаныш сайланды, 1995 жылы туған, «Онды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, ауыл әкімі. Онды ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Дата публикации
23 июня 2025