Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
2025 жылдың 22 маусымында Маңғыстау ауданының Жармыш ауылы әкімінің сайлауы өтті.Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылының әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Жармыш ауылы бойынша сайлаушылар тізіміне 1005 сайлаушы енгізілді, олардың 461-і дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны – 60, «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны- 7.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әнуаров Заманбек Серікұлы - 350, Құбашев Жансерік Жайлауұлы - 56, Назарова Шаттыгүл Хасанқызы - 48.
Жармыш ауылының әкімі болып Әнуаров Заманбек Серікұлы сайланды, 1996 жылы туған, «Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, сектор меңгерушісі. Шетпе ауылында тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған.