Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Онды ауылдық округі, Жармыш ауылы әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 14.05.2025 жыл

№5

 Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Онды ауылдық округі, Жармыш ауылы әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңының 14, 113-1, 133-баптарына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Онды ауылдық округі, Жармыш ауылы әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 22 маусымға тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 22 маусымға тағайындалған Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Онды ауылдық округі, Жармыш ауылы әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                                             Л. Жонасов

 Хатшы                                                                                            А. Ордабаев

Дата публикации
14 мая 2025