14.05.2025 жыл
№5
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Онды ауылдық округі, Жармыш ауылы әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14, 113-1, 133-баптарына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Онды ауылдық округі, Жармыш ауылы әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 22 маусымға тағайындалсын.
- 2025 жылғы 22 маусымға тағайындалған Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Онды ауылдық округі, Жармыш ауылы әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Л. Жонасов
Хатшы А. Ордабаев