Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Онды ауылдық округі, Жармыш ауылы әкімдерін сайлау кезінде аумақтық сайлау округтерін құру туралы

 14.05.2025 жыл

№4

 

 Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Онды ауылдық округі, Жармыш ауылы әкімдерін сайлау кезінде аумақтық сайлау округтерін құру туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                         4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Онды ауылдық округі әкімін сайлау кезінде Онды ауылдық округі аумағында аумақтық сайлау округі құрылсын.
  2. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Жармыш ауылы әкімін сайлау кезінде Жармыш ауылы аумағында аумақтық сайлау округі құрылсын.
  3. Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері, құрамы көрсетіле отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
  4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                                                 Л. Жонасов

 Хатшы                                                                                               А. Ордабаев

Дата публикации
14 мая 2025