Маңғыстау ауданының әкімдігі бос лауазымға конкурс жариялайды: «Дария» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры

КОНКУРС

Маңғыстау ауданының  әкімдігі бос лауазымға  конкурс жариялайды:

Маңғыстау аудандық  тұрғын  үй коммуналдық  шаруашылық,  жолаушылар көлігі  және  автомобиль  жолдары  бөлімінің  «Дария»  мемлекеттік коммуналдық    кәсіпорнының директоры 

 

Орналасқан  орны: 130400, Маңғыстау  облысы, Маңғыстау ауданы,  Шетпе  ауылы, Құрылысшы  шағын ауданы, №25/3 ғимарат. Байланыс  телефоны: 8/72931/22344

                Қызметтік міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық, құқықтық-экономикалық қызметіне басшылық ету, кәсіпорынның Жарғысына сәйкес кәсіпорынның тиімді және тұрақты қызметін қамтамасыз ету.

                Кәсіпорынның міндеттері: Кәсіпорынның негізгі мақсаты коммуналдық шаруашылығы саласындағы шаруашылық қызметін және Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін өзге де қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.

                Кәсіпорын қызметінің мәні  аудан көлемінде  сумен  жабдықтау  саласында  тіршілікті  қамтамасыз ету,  сондай-ақ  қолданыстағы  заңнамамен  тыйым салынбаған  басқа  да  қызмет  түрлерін  жүзеге асыру.

Кәсіпорын  қойылған  мақсаттарын  іске асыру  үшін  қызметтің  мынадай  түрлерін  жүзеге асырады: ауданның  жеке  және  заңды  тұлғаларын  электроэнергиямен, сумен  қамтамасыз ету; су құбырларын  жаңарту  және күрделі  жөндеу; электр  станцияларын, электр  желілерін  пайдалану, құру, жөндеу  және  көшелерді  жарықтандыру; жылу  энергиясын  өндіру,  беру, бөлу  және (немесе) онымен  жабдықтау; жылу, су, тоқ желілеріне  және  қондырғыларына  жөндеу  жүргізу, күтіп  ұстау.

                Біліктілік талаптары: техника және технологиялар, құқық, экономика және  бизнес ғылымдары тобына сәйкес мамандықтар бойынша жоғары  білімі;

мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.  

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

                1) он сегіз жасқа толмаған;

                2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

                3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

                4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

                Конкурсқа қатысушылар білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін  Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл  туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңдарын, кәсіпорын  қызметін  реттейтін  басқа  да  Қазақстан Республикасының  нормативтік-құқықтық актілері.

                Конкурсқа қатысушы төмендегі құжаттарды конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде конкурстық комиссияға табыс ету тиіс:

                1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

                2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

                3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

                4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

                5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

                6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

                Конкурс 2020 жылдың  17 қараша  күні сағат 1100-де   Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, «Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Орталық алаң, №2 үй мекен-жайы бойынша өткізіледі. Анықтама телефоны: 21286, факс: 22221

Дата публикации
28 октября 2020