Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының №2 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына Маңғыстау аудандық маслихат депутатына кандидаттыққа ұсынылғандар туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2025 жылдың 27 ақпан күні №2 сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық маслихат депутатын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясына «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынған 1 кандидаттан және өзін-өзі ұсыну жолымен 1 кандидаттан құжаттар келіп түсті. Маңғыстау аудандық маслихат депутатына кандидаттыққа Балгаев Айболат Куанович және Молдашова Жанбиби Турарбековна құжаттарын ұсынды. Кандидаттардың құжаттарының заң талаптарына сәйкестігін анықтау жүргізілуде.