Маңғыстау аудандық маслихатының «Маңғыстау ауданы бойынша 2025-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» шешім жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Маңғыстау аудандық маслихатының  «Маңғыстау  ауданы бойынша                          2025-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» шешім жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

«Маңғыстау аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтемемен жобаны қабылдау үшін негіздемелер және (немесе) оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

Қазақстан Республикасының  Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Жайылымдар туралы» Заңдарына сәйкес.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі түсіндірме жазбаға міндетті түрде қоса беріледі).

Қаржы шығындарын талап етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері.

Осы  жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері .

Маңғыстау аудандық маслихаты Маңғыстау аудандық маслихатының  «Маңғыстау  ауданы бойынша 2025-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» шешім жобасын қабылдау.

 

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және (немесе) Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

Жоқ.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіктің болмауы.

Жоқ.

  1. Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

Жоба ашық НҚА интернет-порталында 20.02.2025 жылы орналастырылды.

  1. Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.

Жоба Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының сайтында 20.02.2025  жылы орналастырылды.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Жоқ.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Жоқ.

 

 

         Маңғыстау аудандық жер қатынастары,

         сәулет және қала құрылысы

бөлімінің басшысы                                                             Н. Букембаев

 

Дата публикации
20 февраля 2025