Маңғыстау аудандық
мәслихатының шешіміне
қосымша
Маңғыстау ауданы бойынша 2025-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
1) осы Жоспардың 1 қосымшасына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың жер санаттары бөлінісінде орналасу схемасы (картасы);
2) осы Жоспардың 2 қосымшасына сәйкес жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халықтың мұқтаждығына арналған жайылымдар;
3) осы Жоспардың 3 қосымшасына сәйкес ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары көрсетілген схема (карта;
4) осы Жоспардың 4 қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын айдауға арналған сервитуттар, мал айдайтын трассалар және жайылымдық инфрақұрылымның өзге де объектілері, сондай-ақ мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) белгіленетін схема (карта);
5) осы Жоспардың 5 қосымшасына сәйкес жайылымды пайдаланушыларға жер пайдалануға берілуі мүмкін жайылымдар белгіленген схема (карта);
6) осы Жоспардың 6 қосымшасына сәйкес халықтың жеке ауласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында резервке алынуға жататын жайылымдарды белгілейтін схема (карта);
7) осы Жоспардың 7 қосымшасына сәйкес суды тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, қазандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахта құдықтарына) қол жеткізу схемасы;
8) осы Жоспардың 8 қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы;
9) осы Жоспардың 9 қосымшасына сәйкес ауылдық округке кіретін ауылдық елді мекендер арасында жайылымдарды жобалық бөлу (қайта бөлу);
10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті мынадай талаптарды қамтиды:
"Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын сақтау;
жайылым айналымын және суды пайдалану көздерін ескере отырып жайылымдарды пайдалану;
жайылым алаңдарын жекеленген өріс учаскелеріне бөлу;
жайылым учаскелерін жыл маусымдары бойынша кеңістікте және уақытпен (маусым, жыл ішінде) кезектестіру;
жайылым айналымы учаскелерінің бірін жайылымсыз және ауыл шаруашылығы жануарларынсыз жыл сайын қалдыру.
өңірдің жер балансының және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері;
жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мәліметтері;
мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) туралы мәліметтер;
жайылымдық инфрақұрылым объектілері туралы және ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер;
иелерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарларының сәйкестендіру деректері базасынан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы саны туралы деректер;
ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер;
шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы мәліметтер;
екпе және аридтік жайылымдарда, орман, су қорлары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері туралы деректер;
жайылым айналымдарының ұсынылатын схемалары;
мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынған өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.