Қаулы №2
29.01.2025 жыл
№2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған, Маңғыстау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға Л. Жонасов
Хатшы А. Ордабаев