Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауылдық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2025 жылдың 24 ақпан күні Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Аудан әкімдігі ғимараты мекен-жайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен ауылдық тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурстың өтетіндігі туралы хабарлайды. Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттері (маршруттар)шығарылды.
№1 лот “Шетпе ауылішілік маршруттар”.
№2 лот “Онды-Шетпе ауданаралық маршруты”
№3 лот “Ақтөбе-Шетпе ауданаралық маршруты”
№4 лот “Ақшымырау-Қызан-Шетпе ауданаралық маршруты”
№5 лот “Жыңғылды-Отпан-Шетпе ауданаралық маршруты”
№6 лот “Шайыр-Шетпе ауданаралық маршруты”
№7 лот “Шебір-Тұщықұдық-Шетпе ауданаралық маршруты”
№8 лот “Сайөтес-Шетпе ауданаралық маршруты”
№9 лот “Жармыш-Қосбұлақ-1 ш/а-Шетпе ауданаралық маршруты”
Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының» талаптарына сәйкес келетін автокөлік құралдары бар кез-келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Орталық шағын ауданы А.Отеуов көшесі, 36 ғимарат мекен-жайына ұсынуы тиіс.
Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2025 жылдың 11 ақпаны.
Анықтама телефондар: 8(72931)2-18-05, 2-18-06