Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының
хабарламасы
15 желтоқсан 2024 жылы Маңғыстау ауданының Отпан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Маңғыстау ауданының Отпан ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Отпан ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 207 сайлаушы енгізілді, олардың 135-і дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетендер саны - 5.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Нұрбергенова Жансая Бақытжанқызына – 38, Сұлтанбеков Аманбек Нұрсайынұлына – 18,Тажиев Гани Орынбасаровичке-74.
Отпан ауылдық округінің әкімі болып Тажиев Гани Орынбасарович сайланды, 1988 жылы туған, қазақ, «СМК Атамекен» ЖШС-і, механик, Шайыр ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы Маңғыстау аудандық филиалымен ұсынылған.