2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Маңғыстау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2024 жылғы 8 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Маңғыстау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 1694 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 770 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 7 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 4.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№ 3 сайлау округі бойынша
Амангелдин Эльдар Қайратұлы үшін сайлаушылардың 81 дауысы берілді,
Аманжанов Дәурен Төремұратұлы үшін сайлаушылардың 95 дауысы берілді,
Кожамбетов Нуркен Темиржанович үшін сайлаушылардың 91 дауысы берілді,
Муналбаев Сагат Колганатович үшін сайлаушылардың 500 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 1.
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды:
№ 3 сайлау округі бойынша – Муналбаев Сагат Колганатович, 1980 жылы туған, «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның бөлім басшысы, Маңғыстау ауданы Шетпе ауылының тұрғыны.
Маңғыстау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы