Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Отпан ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Маңғыстау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Қаулы №28 күні 06.11.2024 жыл 

 Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Отпан ауылдық округі әкімінің

 сайлауын тағайындау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14, 113-1, 133-баптарына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Отпан ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 15 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 15 желтоқсанға тағайындалған Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Отпан ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Төраға                                                                                          Л. Жонасов

Хатшы                                                                                          А. Ордабаев

Дата публикации
06 ноября 2024