Маңғыстау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Маңғыстау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Маңғыстау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 8 желтоқсанға №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының сайлауын тағайындады.

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 11 қазаннан басталады.

№3 сайлау округінің орталығы: Шетпе ауылы, Арон Өтеуов көшесі, «Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ ғимараты, телефон: 8(72931) 21805.

         №3 сайлау округінің шекаралары: Шетпе ауылының Жаңаорпа шағын ауданының барлық тұрғын үйлері, Қызылтұран карьері, Аэропорт, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты жерлеріндегі тұрғын үйлер.

 

Маңғыстау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

 

Дата публикации
11 октября 2024