АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Болашағымызға деген қамқорлық бүгіннен басталады: зейнетақымызды болжаймыз және жоспарлаймыз 2024 жылдың 20 қыркүйегінде "БЖЗҚ" АҚ-ның барлық филиалдарында "Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары" тақырыбында дәстүрлі Ашық есік күні өтті. Биыл Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің 26 жылдығын атап өтті. Осы уақыт ішінде жас қазақстандықтардың тұтастай бір буыны өсті. Жастар енді мемлекеттік бюджеттен ортақ зейнетақы төлемдерін ала алмайды. Десек те, лайықты зейнетақыны өз бетінше қалыптастыру мүмкіндігіне ие. Сондықтан, қарттық шақтағы өміріңіз жайлы болу үшін, зейнетақыны жас кезден бастап жоспарлау қажет. Өздеріңізге белгілі, қазір қазақстандық зейнетақы жүйесі бірнеше деңгейден және төлем көздерінен тұрады: мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ бөліктер түссе, жинақтаушы бөлік БЖЗҚ-ға аударылатын міндетті және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылады. Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігі үш тарапқа бөлінген, олар: мемлекет, азаматтар және жұмыс берушілер. Сондықтан, қызметкер үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аударуын қадағалап, өзінің болашақ зейнетақысын дұрыс жоспарлау өте маңызды. Қор мамандары "Ашық есік күніне" қатысушылармен болған кездесуде зейнетақыны болжауға және жоспарлауға көмектесетін құралдар туралы баяндады. "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары" сервистерінің көмегімен сіз өзіңіздің болашақ зейнетақыңызды алдын ала есептеп, оны ұлғайту жөніндегі шараларды ойластырып/жоспарлай аласыз. Іс-шараға қатысушылар БЖЗҚ сайты мен БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы "Зейнетақы калькуляторы" көмегімен болашақ төлемдерді есептеу мәселесіне ерекше қызығушылық танытты. Қонақтардың көпшілігі ағымдағы және болжамды калькулятордың мүмкіндігін жоғары бағалады, бұл пайдаланушыға барлық зейнетақы төлемдерінің, соның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен зейнетақының және БЖЗҚ-дан жинақтаушы төлемнің болжамды мөлшерін дербес есептеуге мүмкіндік береді. Қатысушыларды, сондай-ақ, зейнетақы калькуляторының сақтандыру ұйымынан берілетін сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемін есептеу бойынша өзектендіру және Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістерге сәйкес болжамды зейнетақы калькуляторының қызметтері сияқты жаңа функциялар да қызықтырды. Іс-шара барысында қатысушыларға зейнетақы жоспары арқылы қажетті зейнетақыны қалай жоспарлау керектігі көрсетіліп, оларды сервистің жаңа дизайнымен және жаңа функциялармен, атап айтсақ, салымшының жинақтаушы жүйедегі өтілін автоматты түрде есептеу мүмкіндігімен таныстырды. Сондай-ақ, жоспарланған мақсатқа, мысалы, ерікті зейнетақы жарналарының көмегімен қалай қол жеткізуге болатындығы туралы кеңестер берілді. Негізгі тақырыпты талқылаудан басқа, БЖЗҚ бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, тілек білдірушілермен жеке ақыл-кеңес өткізді. Атап кетейік, зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша ақыл-кеңесті БЖЗҚ филиалдарына өзіңіз барып та, enpf.kz сайтында, мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде онлайн режимінде де алуға болады. Мұны қалай жасау керектігі іс-шара барысында айтылды. Онлайн кездесу салымшылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылардың пікірлері бойынша пайдалы және нәтижелі болды. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

ANNOUNCEMENT

 

 

Caring for the future begins today:

Forecasting and planning your pension

 

On September 20, 2024, all branches of UAPF JSC held a traditional Open Doors Day on the How to save and find out your future pension: pension calculator and savings topic.

This year, the funded pension system of Kazakhstan celebrated its 26th anniversary. During this time, a whole generation of young Kazakhstanis has grown up. Young people will no longer be able to receive solidarity (PAYG) pension benefits from the state budget, but they have the opportunity to independently form a decent pension. Therefore, it is necessary to plan your pension while you are young in order to ensure a comfortable life in old age.

As is known, the Kazakhstan pension system currently consists of several levels and sources of payments: the basic and solidarity parts come from the state budget, the funded part is formed by compulsory and voluntary contributions to the UAPF. Responsibility for pension provision in Kazakhstan is divided between three parties: the state, citizens and employers, so it is very important for an employee to monitor the timely payment of mandatory pension contributions by the employer and plan their future pension. At a meeting with participants of the Open Doors Day, specialists of the Fund spoke about tools that help in forecasting and planning pensions.

Using the Pension Calculator and Personal Pension Savings Plan services you can pre-calculate your future pension and think over/plan measures to increase it.

The event participants expressed particular interest in the issue of calculating future benefits using the Pension Calculator on the UAPF website and in the БЖЗҚ/ЕНПФ mobile application. Most guests highly appreciated the possibility of both a current and a forecast calculator, which allows the user to independently calculate the expected amount of all pension payments, including pensions from the state budget and funded ones from the Unified Accumulative Pension Fund.

Participants were also interested in such functions of the pension calculator as, for example, updating the calculation of the insurance premium and insurance payment from the insurance organization, and the functions of the forecast pension calculator in accordance with the latest changes in the pension legislation of the Republic of Kazakhstan.

During the event, the participants were also shown how to plan their desired pension using a pension plan, and were introduced to the new design of the service and new functions, for example, the ability to automatically calculate the depositor's length of service in the savings system. Recommendations were also given on how to achieve the planned goal, for example, using voluntary pension contributions.

 

In addition to discussing the main topic, responsible employees of the UAPF divisions answered questions from the participants and held individual consultations with those who wished.

Please note that advice on pension system issues can also be obtained both in UAPF branches and online: on the website enpf.kz, in instant messengers and social networks. How to do this was also discussed at the event.

The online meeting aroused great interest and, according to the participants, was useful and productive.

Дата публикации
26 сентября 2024