Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының
хабарламасы
8 қыркүйек 2024 жылы Маңғыстау ауданының Шетпе ауылы әкімінің сайлауы өтті.
Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Маңғыстау ауданының Шетпе ауылының әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Шетпе ауылы бойынша сайлаушылар тізіміне 8975 сайлаушы енгізілді, олардың 1232-і дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 93, «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетендер саны - 12.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жанбуршиев Амалбек Кемелбековичке – 472, Шамгулов Айдос Адиловичке – 655.
Шетпе ауылының әкімі болып Шамгулов Айдос Адилович сайланды, 1988 жылы туған, қазақ, «Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» ММ, әкімнің кеңесшісі, Шетпе ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.