Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының
хабарламасы
18 тамыз 2024 жылы Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылы әкімінің сайлауы өтті.
Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылының әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Жыңғылды ауылы бойынша сайлаушылар тізіміне 1383 сайлаушы енгізілді, олардың 554-і дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 30, «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетендер саны - 3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Маратұлы Әсетке - 449, Сәрсемби Жалғас Сәрсембиұлына - 72.
Жыңғылды ауылының әкімі болып Маратұлы Әсет сайланды, 1993 жылы туған, қазақ, «Нұрсат» ЖШС, инженер, Ақтау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.