«Маңғыстау аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы санаты E-R-1, 1 бірлік

Маңғыстау аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы санаты        E-R-1, 1 бірлік

 

E-R-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

 

Мамандығы (классификаторға сәйкес):

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Экономика және бизнес (Менеджмент,  Маркетинг, Экономика, Қаржы, Есеп және аудит, Мемлекеттік жəне жергілікті басқару, Менеджмент және басқару);

Құқық (Құқықтану, Халықаралық құқық).

 

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес

 

 

Мынадай құзыреттердің болуы талап етіледі:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

Орташа лауазымдық айлықақы:

354069-406714.

 

Функционалды міндеттер:

Аудандық кәсіпкерлік бөлімін басқару, бөлім жұмысын ұйымдастыру, болжау, жоспарлау және бақылау. Қызметкерлердің жұмысын бақылау, оларға өздеріне тиісті міндеттерін жүктеу. Бөлім қызметкерлерін тағайындайды және атқарып отырған қызметінен босатады. Өз құзіретіне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Бөлімде қабылданған шешімдер басшының бұйрығымен рәсімделеді. Бөлімнің жұмыс регламентін, міндеттер бөлінісін, штат кестесін, қаржыландыру жоспарын бекітеді.

Құжат айналымын зерттеу, қызмет бабындағы құжаттарды қарау және оларды орындауды жүзеге асыру;

Кәсіпкерлік қызметті іске асыру үшін қолайлы құқықтық және экономикалық жағдай жасау;

Маңғыстау ауданының индустриялық-инновациялық дамыту, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламаларын жасақтайды және іске асырылуын қамтамасыз етеді;

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамыуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарының кәсіпкерлікті, сауданы дамыту бөлігіндегі жасақтауға қатысады, олардың іске асырылуын бақылайды;

Аудан басшыларын кәсіпкерлік саласыда ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы ақпататтармен қамтамасыз етеді;

Мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және жауапкершілігіне алады;

Шағын кәсіпкерлік пен инновациялық қызметті қолдаудың аймақтық инфрақұрылымын қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеді;

 Жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың кәсіпкерліктің қоғамдық бірлестігімен және рыногтық инфрақұрылым субьектілерімен өзара қатынасының даму стратегиясын жасақтайды;

Жергілікті мемлекеттік органдағы шағын және орта кәсіпкерлік мәселері бойынша сарапшы кеңесінің қызметін ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыратын өкілетті органдарына шағын кәсіпкерлік субьектілерімен байланысты бағдарламалар мен басқа да ақпараттардың жерінде іске асырылу барысы туралы есепті ұсынады;

Қазақстан Республикасының банктік және басқа да қаржы ұйымдарымен кәсіпкерлік жобаларды несиелендіру және инвестірлендіру мәселері әрекетесуді, кәсіпкерлік субьектілерінің сыртқы экономикалық қызметіне жәрдем көрсетеді;

Белгіленген басылымдықтарға сәйкес аудандық комиссияда мақұлданған кәсіпкерлік жобаларды жергілікті бюджеттен осы мақсатқа бөлінген қаражат шегінде несиелендіруді жүзеге асырады;

Кәсіпорындарда сапа жүйесін енгізу бойынша, импорт алмастыру саясатын іске асыру жөніндегі кәсіпорындар қызметін үйлестіреді;

Меншік нысанына қарамастан, жаңа өндіріс және жаңа қосымша жұмыс орындарын құрушы кәсіпорындар мен ұйымдарды мемлекеттік қолдау бойынша негізделген ұсыныстар дайындайды;

Экономиканың тиісті салаларын дамыту мәселелері бойынша оның ішінде сауда, аудандық бөлімдермен жергілікті атқарушы органдармен қызметті және әрекеттесуді үйлестіруді жүзеге асырады;

Аудан аймағында ауданның ішкі экономикалық саясатын жасақтауға және іске асыруға қатысады;

Тұтыну рыногының негізгі көрсеткіштеріне, баға түзілу мәселесіне, сауда саласындағы инфляциялық процестерге талдау жүргізеді;

Әрекеттегі кәсіпорындарда экспортқа өнім өндіруді және облыс шегінде сұраныспен қолданатын бәсекеге қабілетті жаңа өндірісті дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді;

Меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындармен бірлесіп бар инвестициялық жобалар тізбесін әзірлейді, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментіне, шетелдік отандық фирмаларға ұсыныстар жолдайды;

Аудандық кәсіпкерлік көрмесін ұйымдастыруды жүзеге асырады және олардың қызметімен айналысатын компаниялардың облыстық, республикалық көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысуын қамтамасыз етеді.

Маңғыстау ауданының әкіміне аудандының әкіміне аудандық даму мақсаты, басымдығы және стратегиясы бойынша ұсыныстар енгізу;

Аудан әкімдігінің қаулысымен қабылданған аудан дамуының аймақтық стратегиясын іске асыруға кедергі келтіретін актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

Заңнамада белгіленген тәртіппен нұсқауды орындау мақсатында жергілікті атқарушы органдардан, меншіктің барлық нысандағы ұйымдар мен кәсіпорындардан ақпараттар сұрау және алу;

Жергілікті атқарушы органдарының басшылары мен мамандарын тарта отырып, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес шақыру;

Ауданда өткізілетін қаржы-несие инвестициялық, жекешелендіру, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің дамуына әсер ететін барлық басқа да жағдайларға қатысады;

Іскерлік байланыстарды жандандыру, ақпаратпен жұмыс тәжірибесін алмасу мақсатымен облыстық, аудандық құрылымдармен әрекеттесу;

Кәсіпкерлік қызметті іске асыру үшін қолайлы құқықтық және экономикалық жағдай жасау;

Кәсіпкерлік пен өндірісті дамытудағы мемлекеттік саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің, аудан әкімдігінің бағдарламаларымен әрекет ету жоспарын орындау үшін жергілікті атқарушы органдардың мемлекетік және мемлекеттік емес кәсіпорындармен қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіру.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруындағы басылымдықтарға сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің әрекет ету жоспары бойынша жинақталған ақпараттармен аудан әкімін қамтамасыз ету.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

 Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейінгі жұмыс күннен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау ауданы әкімінің  аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

            Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.       

            Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

            Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады. 

            Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

            Шағым жасау тәртiбi:

   Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

                Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

Ескертпе:

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

Дата публикации
06 августа 2024