Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы әкімін сайлау кезінде аумақтық сайлау округін құру туралы

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы

 Қаулы №19 күні 31.07.2024 жыл

 

 Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы әкімін сайлау кезінде аумақтық сайлау округін құру туралы

 

                        «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы әкімін сайлау кезінде Шетпе ауылы аумағында аумақтық сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округінің тізімі аумақтық сайлау округінің шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
  3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Төраға                                                                                             Л. Жонасов

 Хатшы                                                                                           А. Ордабаев

Дата публикации
31 июля 2024