Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы
Қаулы №18 күні 31.07.2024 жыл
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14, 113-1, 133-баптарына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы әкімінің сайлауы 2024 жылғы 8 қыркүйекке тағайындалсын.
- 2024 жылғы 8 қыркүйекке тағайындалған Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Л. Жонасов
Хатшы А. Ордабаев