Маңғыстау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Қаулы №15 күні 10.07.2024 жыл
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылы әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14, 113-1, 133-баптарына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы әкімінің сайлауы 2024 жылғы 18 тамызға тағайындалсын.
- 2024 жылғы 18 тамызға тағайындалған Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға орынбасары А. Койсарин
Хатшы А. Ордабаев