«Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы  санаты Е-R-4, 1 бірлік

«Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы  санаты Е-R-4, 1 бірлік

 

E-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мынадай құзыреттердің болуы талап етіледі:

төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

Орташа лауазымдық айлықақы:

226837-260564.

 

Мамандығы(классификаторға сәйкес)

Техникалық ғылымдары мен технологиялар (Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, Құрылыс, Технологиялық машиналар мен жабдықтар, Инженерлік жүйелер мен желілер, Геодезия және картография, Стандарттау, метрология және сертификаттау).

Өнер (Сәулет, Сурет өнері, Мүсін өнері, Дизайн, Арт-менеджмент).

Қызметтер (Кадастр).

Экономика және бизнес (Мемлекеттік және жергілікті басқару, Мемлекеттік басқару).

Жаратылыстану ғылымдары (Жерге орналастыру).

Мемлекеттік және жергілікті басқару (Өңірлік даму).

 

 

Функционалды міндеттер:

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 04.12.2015 Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және оны жүзеге асырады,заңның тиісті тәсілдерін қолдану арқылы құжаттар жасақтайды. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасақтап, бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдалануына,мемлекеттік сатып алудың нәтижесі бойынша әлеуетті өнім берушімен шарт жасауды уақытылы орындауға және Қазақстандық мазмұн есептілігін веб-порталға уақытылы орналастыруға жауапты және мониторингіні қамтамасыз етеді. Құрылысмонтаждау жұмыстарды жобалауға, құрылысқа арналған құжаттарды дайындайды және конкурстарды өткізеді. Құрылыс нормалаы мен техникалық шарттарды бұза отырып жобадан ауытқумен орындалған мердігер ұйымдарының жұмыс өндірісі кезіндегі бұзушылықтарды жоюды талап етеді. Аудан бойынша құрылыс қызметі субъектілерінен мәліметтер жинақтау, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын олардың жасақталған акт бойынша көлемін сметалық құжаттарға сәйкестігін қадағалайды және оған жауапты болады. Құрылыс нормативтері мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде құрылыс барысында техникалық бақылауды жүзеге асыру үшін келісім-шарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындарды тартады. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға қайшы келетін жобалықсметалық құжаттама мен басқа да ұсыныстарды келісуді қабылдамайды. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асырады және басқа да міндеттерді орындайды.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:                                                                                                         

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.   Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

Дата публикации
28 мая 2024