«Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспектор заңгері санаты E-3, 1 бірлік

«Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспектор заңгері санаты E-3, 1 бірлік

 

E-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

 

Мамандығы (классификаторға сәйкес):

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Бизнес, басқару және құқық (құқық, мемлекеттік және жергілікті басқару)

 

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

 

Мынадай құзыреттердің болуы талап етіледі:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

Орташа лауазымдық айлықақы:

226837-260564.

 

Функционалды міндеттер:

1) Аудан әкімдігінің нормативтік актілерін ресімдеуді, келісуді, мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз ету;

2) Аудан әкімдігіне қарасты әзірлеуші мемлекеттік органдармен ұсынылған нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге сараптама жүргізу, қабылдауға ұсыну;

3) Аудан әкімдігімен аудандық мәслихаттың қабылдауына ұсынылатын нормативтік құқықтық және құқықтық акілерді әзірлеуді қамтамасыз ету;

4) Қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен құқықтық мониторинг жүргізуді қадағалайды;

5) Қазақстан Республикасының  заңдарын, қабылданған нормативтік құқықтық актілерді жүйелі түрде есепке алу;

6) Аудан әкімі аппаратының, аудан әкімдігінің дербес мемлекеттік ұйымдарының сұратуы негізінде құқықтық мәселелер бойынша түсіндірме беру, қолданыстағы заңнамалар және оларды қолдану тәжірибесі бойынша оларға ақпараттық материалдар жіберу;

7) Қолданыстағы заңдарды қолдану мәселелері бойынша насихат жұмыстарын жүргізу, жалпыға бірдей құқықтық оқыту шараларын әзірлеу, оларды жүзеге асыруға қатысу, құқықтық мәселелер бойынша кеңес шақыру және семинарлар өткізу;

8) Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі комиссияның, құқық бұзушылық профилактикасы бойынша ведомствоаралық комиссияның хатшысы ретінде қызметін үйлестіру;

9) Аудан әкімдігі жанындағы комиссиялардың қызметіне мүше ретінде қатысу және құқықтық мәселелер бойынша түсіндірме беру;

10) Аудан әкімдігі жанындағы «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі», «Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі»  комиссияларында хатшылықты жүргізу;

11) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдауды жүргізу;

12) Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және аппарат басшысының тапсырмалары бойынша басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

 Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейінгі жұмыс күннен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау ауданы әкімінің  аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

            Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.           

            Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

            Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады. 

            Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

            Шағым жасау тәртiбi:

   Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

            Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

Ескертпе:

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

Дата публикации
28 мая 2024