Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

19 мамыр 2024 жылы Маңғыстау ауданының Ақшымырау ауылы әкімінің сайлауы өтті.

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Маңғыстау ауданының Ақшымырау ауылының әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Ақшымырау ауылы бойынша сайлаушылар тізіміне 630 сайлаушы енгізілді, олардың 338-і дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 10, «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетендер саны - 2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Қарақойшиев Абзал Бақытжанұлына - 266, Сұлтанбеков Аманбек Нұрсайынұлына - 21, Шегенбаева Роза Шукановнаға - 39.

Ақшымырау ауылының әкімі болып Қарақойшиев Абзал Бақытжанұлы сайланды, 1996 жылы туған, қазақ, «Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы» ММ, бөлім басшысы, Ақтау қаласында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

Дата публикации
20 мая 2024