Маңғыстау ауданы Ақшымырау ауылы әкімінің  сайлауын тағайындау туралы

Маңғыстау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Қаулы №13 күні 10.04.2024 жыл

 

 Маңғыстау ауданы Ақшымырау ауылы әкімінің

 сайлауын тағайындау туралы

 

 

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Конституциялық Заңының 14, 113-1, 133-баптарына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау ауданы Ақшымырау ауылы әкімінің сайлауы 2024 жылғы 19 мамырға тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 19 мамырға тағайындалған Маңғыстау ауданы Ақшымырау ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                                        Л. Жонасов

 

Хатшы                                                                                  А. Ордабаев

Дата публикации
10 апреля 2024