2024 жылғы 31 наурызда өткен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 31 наурызда өткен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 1329 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 553 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 9 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны -3.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық мәслихаты депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№ 1 сайлау округі бойынша:

Кесікбаев Айбек Батербайұлы үшін сайлаушылардың 5,24% дауысы берілді,

Ниязбек Бақытбек Жауымбайұлы үшін сайлаушылардың 88,61% дауысы берілді,

Сейтмағанбетов Қайрат Амангелдіұлы үшін сайлаушылардың 5,60% дауысы берілді.

«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 0%;

 

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық мәслихатының депутаты болып:

№ 1 сайлау округі бойынша – Ниязбек Бақытбек Жауымбайұлы, 1986 жылы туған, «НиязбекСтройсервис» ЖШС директоры, Маңғыстау ауданының тұрғыны сайланды.

 

 

Маңғыстау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
01 апреля 2024