Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
17 наурыз 2024 жылы Маңғыстау ауданының Шебір ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Маңғыстау ауданының ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Шебір ауылдық округі
Шебір ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 599 сайлаушы енгізілді, олардың 381-і дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 6, «Барлығына қарсы» бағаны белгіленген 2 бюллетень.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Нұрбергенова Ж.Б. - 22, Төремұратұлы Ж. - 20, Тұрақбаев С.Қ. - 331.
Шебір ауылдық округі әкімі болып Тұрақбаев Сағынжан Қыдырбекұлы сайланды, 1998 жылы туған, қазақ, «Тұщықұдық ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, бас маман, Шебір ауылында тұрады, «Amanat» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы ұсынған.