Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауылдық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2024 жылдың 16 сәуір күні Маңғыстау ауданы,Шетпе ауылы, аудан әкімдігі ғимараты мекен-жайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен ауылдық тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурстың өтетіндігі туралы хабарлайды. Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттері (маршруттар)шығарылды.
№1 лот «Шетпе ауылішілік маршруттар».
Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының» талаптарына сәйкес келетін автокөлік құралдары бар кез-келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Орталық шағын ауданы А.Отеуов көшесі, 36 ғимарат мекен-жайына ұсынуы тиіс.
Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2024 жылдың 3 сәуір. 2024 жылдың 9 сәуір күні комиссия конкурсты өткізу мәселелері жөніндегі конкурс алдындағы конференция өтеді.
Анықтама телефондар: 8(72931)2-18-05, 2-18-06