Маңғыстау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету
2024 жылғы 31 наурызда Маңғыстау ауданында 1 сайлау округінде аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау өтеді. Сайлау кезеңінде барлығы 1 сайлау учаскесі қызмет көрсетеді. Сайлау учаскесі Шетпе ауылында орналасқан.
Сайлау кезеңінде және дауыс беру күні сайлау учаскесінде мүгедектігі бар адамдарға дауыс беруге арналған үй-жайларға кедергісіз кіру үшін жағдайлар қамтамасыз етілеген. Оның ішінде есту, көру қабілеті, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы, сондай-ақ басқа да қауқары аз азаматтар үшін бөгде адамдардың көмегінсіз жасырын дауыс берулеріне жағдайлар жасалған.
Сайлау учаскесі ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, ыңғайлы пандустармен, тактильді көрсеткіштермен және қозғалыс бағытының көрсеткіштерімен қамтамасыз етілген.
Сайлау учаскесі сайлау бюллетеніне енгізілген кандидаттар туралы ақпарат, сайлау бюллетенін толтыру үлгісі және өзге де ақпарат (аудио, бейне файлдарда) орналастырылатын компьютерлермен жабдықталатын болады.
Көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдардың сайлау бюллетеньдерін өз бетінше толтыру үшін шаршы ойықтары бар трафареттер дайындалады.
Есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ым тілінің аудармашылары тартылуы қарастырылған.
Дауыс беру күні Шетпе ауылында инватакси қызметі ұйымдастырылады.