Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

18 ақпан 2024 жылы Маңғыстау ауданының Тұщықұдық және Шайыр ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Маңғыстау ауданының ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Тұщықұдық ауылдық округі

Тұщықұдық ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 920 сайлаушы енгізілді, олардың 378-і дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 7, «Барлығына қарсы» бағаны белгіленген 15 бюллетень.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Аманиязов Н.Қ - 19 , Ануарбеков О.С - 21, Мұратбеков Ж.Қ - 316 .

Тұщықұдық  ауылдық округі әкімі болып Мұратбеков Жайық Қожабекұлы сайланды, 1992 жылы туған, қазақ, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы білім бөлімінің «С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, директор, Шетпе ауылында тұрады, «Amanat» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы ұсынған.

Шайыр ауылдық округі

Шайыр ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 684 сайлаушы енгізілді, олардың 317-і дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 7, «Барлығына қарсы» бағаны белгіленген 3 бюллетень.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Амантаев А.А - 216 , Жамелбеков Б.Ж - 1, Сұлтанбеков А.Н - 90 .

Шайыр  ауылдық округі әкімі болып Амантаев Ақтілек Амантайұлы сайланды, 1993 жылы туған, қазақ, «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, бас маман, Ақтау қаласында тұрады, өзін - өзі ұсынған.

Дата публикации
19 февраля 2024