Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының
Маңғыстау ауданының Шебір ауылдық округі әкіміне кандидаттыққа ұсынылғандар туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2024 жылдың 14 ақпанында Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясына 3 (үш) кандидаттан құжаттар келіп түсті. Шебір ауылдық округі әкіміне кандидаттыққа «AMANAT» партиясынан Тұрақбаев Сағынжан Қыдырбекұлы, өзін-өзі ұсыну жолымен Нұрбергенова Жансая Бақытжанқызы және Төремұратұлы Жандос құжаттарын ұсынды. Кандидаттардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін анықтау жүргізілуде.