Маңғыстау ауданы Шебір ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Маңғыстау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 Қаулы №10 күні 06.02.2024 жыл

 

 

Маңғыстау ауданы Шебір ауылдық округі әкімінің

 сайлауын тағайындау туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Конституциялық Заңының 14, 113-1, 133-баптарына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау ауданы Шебір ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 17 наурызға тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 17 наурызға тағайындалған Маңғыстау ауданы Шебір ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                                         Л. Жонасов

 

Хатшы                                                                                А. Ордабаев

Дата публикации
06 февраля 2024