Маңғыстау аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Маңғыстау аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 31 наурызға №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Маңғыстау аудандық мәслихаты депутатының сайлауын тағайындады.
Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 31 қаңтардан басталады.
№1 сайлау округінің орталығы: Шетпе ауылы, Орталық ш.а, 47 үй «Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» МКҚК ғимараты, тел.8(72931) 2-17-49.
№1 сайлау округінің шекаралары: Шетпе ауылының Орталық, Қызылтұран шағын аудандары, Қарашоқы шағын ауданының № 127-289 тұрғын үйлері, «Маңғыстау ауданының Полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің уақытша ұстау изоляторы, № 14 теміржол бекеті
Маңғыстау аумақтық сайлау комиссиясы.