Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі

негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының               101-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  • Маңғыстау ауданының №1 сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалсын.
  • Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  • Осы қаулы Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Жаңа өмір» газетінде орналастырылсын.

 

Төраға                                                                                         Л. Жонасов

 

Хатшы                                                                                А. Ордабаев

 

 

Маңғыстау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы,

2024 жылғы 31 қаңтар

№9

Дата публикации
31 января 2024