«Маңғыстау ауданы әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесінің  Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) басшысы

Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс туралы хабарландыруы

 

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

 

            Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

            жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

            жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

            2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

 

                        Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

Е-3

min

max

263131

302255

«Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі /кадр қызметі/, индекс 130400, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Маңғыстау ауданы әкімдігінің ғимараты, анықтама телефоны 8 (72931) 2-12-86, тел/факс: 2-22-21, эл.поштасы M.demenova@mangystau.gov.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:          

            «Маңғыстау ауданы әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесінің  Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) басшысы, санаты E-3, 1 бірлік

            Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметіне басшылық жасайды. Маңғыстау ауданы әкімдігі бойынша тәртіптік аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады, аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізіп «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізуді ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату, мемлекеттік қызметшілерді қызметінен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді, кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтерді өткеруіне байланысты құжаттарды рәсімдейді, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімі аппараты және аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды бақылайды, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асырады, аудан әкімі аппаратының жаңа талаптарын ескере отырып, кадр саясатын әзірлейді және жүзеге асырады. Жоспарлы жұмыс жүргізілуін, күнделікті жұмыстарды өзара келісімді түрде шешуді үйлестіреді, аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауына бақылау жасайды, жұмыс жоспарын жасақтайды. Басшылықтың тапсырмасына сәйкес, аудан әкімдігінің қызметкерлеріне қатысты түскен арыз- шағымдарға байланысты, қызметтік тексерулер жүргізуге және оның нәтижесін тәртіптік комиссиясының қарауына ұсынуға құқықлы. «Маңғыстау ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің және аудан әкімдігіне қарасты мемелекеттік мекемелердің мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қойылатын біліктілік талаптар жинақтарын әзірлейді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметтік тізімдерін қалыптастырады, оларды дайындайды. Жоғары тұрған органдарға кадр жұмыстары жөнінде айлық, тоқсандық есептер мен мониторингтің тапсырылуын қадағалайды. 

                Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Бизнес, басқару және  құқық (менеджмент,  құқықтану, іскерлік әкімшілік, экономика,  мемлекеттік  және  жергілікті  басқару,  халықаралық  құқық); Педагогикалық  ғылымдар  (құқық  және  экономика  негіздері);

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:                                                                             1) Өтініш;

 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

            1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

            2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

          Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

 

 

Нысан

 

      __________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені______________________________________________________________________

________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

 

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _____________________________________

                                                                                                         (иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

Мекен жайы: ______________________________________________________________

Байланыс телефоны: _______________________________________________________

e-mail: ___________________________________________________________________

ЖСН: ____________________________________________________________________

 

    _________                                                                                   ___________________________

      (қолы)                                                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    

                                                                                                         «___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

3-қосымшасы

 

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ

ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК

 КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 



_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

_______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /

Год окончания и наименование учебного заведения



5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



6.

Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками



7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)



8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место работы, местонахождение организации

 

қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения







 



 

_____________________
Кандидаттың қолы /

Подпись кандидата

_______________
күні / дата

 

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

 

Дата публикации
26 января 2024