Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 тамыздағы №18/192 «Маңғыстау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 тамыздағы №18/192 «Маңғыстау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

       Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Маңғыстау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 тамыздағы №18/192 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3700 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 5 тармағына және «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;

          көрсетілген шешімге 1 қосымшада:

          3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

          «3. Уәкілетті орган аз қамтылған отбасының жиынтық кірісін «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес есептейді.»;

          6 тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

          «6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы уәкілетті органға жүгінеді.».        

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні



Дата публикации
23 января 2024