Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидаттар туралы
ХАБАР
Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, 2024 жылғы 21 қаңтар күні өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған 3 (үш) кандидатты тіркеді:
- Амантаев Ақтілек Амантайұлы, 1993 жылы туған, қазақ, «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, бас маман, Ақтау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен Шайыр ауылдық округі әкіміне кандидат болып тіркелді.
- 2. Сұлтанбеков Аманбек Нұрсайынұлы, 1995 жылы туған, қазақ. «Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» ММ, бас маман. Шайыр ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен Шайыр ауылдық округі әкіміне кандидат болып тіркелді.
- Жамелбеков Бекзат Жамелбекович, 1990 жылы туған, қазақ. «Шетпе ауылы әкімінің аппараты» ММ, әкімнің орынбасары. Шетпе ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен Шайыр ауылдық округі әкіміне кандидат болып тіркелді.